Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Курбанов чемпион атанды.  Бұл туралы ҚР ҰОК жазды.

Нариман Курбанов
Фото: ҚР ҰОК

Курбанов гимнастикалық ат снарядында үздік шықты. Ол аталған жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі.

Ал Милад Карими болса, еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды. Бұл Миладтың Ташкент төріндегі екінші күмісі. Бұған дейін ол көпсайыста үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Соңғы жаңалықтар