Нарколог Т.Қойшыбаев демалыстарды арақ-шараппен өткізу әдетінен арылуға үндеді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақ халқы үшін алкоголизм - елдің санасына сіңіп үлгермеген «ауру». Сондықтан одан арылуға болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы конференция барысында Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының нарколог-дәрігері Тоқтар Қойшыбеков айтты.

«Негізі, алкоголизм Қазақстанға II Дүниежүзілік соғыстан кейін келді. Былайша қарағанда, ол дерттің қазаққа жұққанына 50 жылдан асты. Дегенмен, басқа халықтармен салыстырғанда, біз үшін ол елдің санасына әлі сіңіп үлгермеген «ауру» болып саналады. Сондықтан одан барынша арылу қажет. Меніңше, ең алдымен, демалыс уақытын арақ-шарапсыз өткізуге үйрену керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезде қазақтардың көбісі онсыз отыра алмайды. Бірақ мен өзім салауатты өмір салтын ұстанып отырған біраз отбасыларды білемін. Олардың басқосулары да өте көңілді өтеді. Міне, осындай дәстүрді кеңінен тарату қажет деп ойлаймын», - дейді Т.Қойшыбаев. 

Соңғы жаңалықтар