«Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы «Экология саласының үздігі» белгісімен марапатталды

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Кәкен Көбейсінов «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес дәуірінде халықтық бақылау органында ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған Кәкен Көбейсінов Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарының зардаптарын жою мәселесімен етене айналысып келеді. Осыған орай Елбасының екі рет қабылдауында болып, әскери сынақтардан зардап шеккен тұрғындар үшін жеңілдіктердің белгіленуіне қол жеткізді. Сондай-ақ Жаңақала ауылында ауданаралық сауықтыру орталығы ашылды.

Ардагер экология мәселесімен бұдан былай да шұғылдана бермекші.

Соңғы жаңалықтар