NASA батып қалған «Спирит» марсоходын құмда қалдыратын болды
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Американдық ғарыш агенттігі (NASA) Марстың құмына батып қалған «Спирит» марсоходын құмнан шығарып алу жөніндегі талпыныстарын тоқтатып отыр.
Ол аппаратты ғылыми бақылауларға арналған стационарлық платформаға айналдыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы хабарлаған Франс-Пресс агенттігі, НАТО өкілі Даг Маккьюстонға сілтеме жасап отыр. Маманның айтуынша, «Спирит» өлген жоқ, ол өмірінің жаңа кезеңіне аяқ басып отыр».
Ал екінші марсоход -«Оппортунити» аппараты - әзірше Марс бетіндегі өзінің саяхатын сәтті жалғастыруда. Бұл екі аппарат Марс бетіне алты жыл бұрын жеткізілген болатын.