NASA ғарыштағы жұмбақ нысандардың жаңа класын анықтады

АСТАНА. KAZINFORM — NASA-ның «Chandra» рентген обсерваториясының көмегімен ғалымдар бұған дейін байқалмаған қасиеттерге ие ғарыш нысандарының жаңа класын анықтады. Бұл туралы NASA агенттігі хабарлады.

NASA ғарыштағы жұмбақ нысандардың жаңа класын анықтады
Фото: NASA

Зерттеушілер 6 галактикадан, оның ішінде Андромеда және «Дөңгелек» галактикаларынан гипержұмсақ рентген көздері деп аталатын 84 нысанды анықтады. Бұл нысандар энергиясы әдеттен тыс төмен рентген сәулесін шығарады. Сонымен қатар олардан ультракүлгін сәуле қарқынды таралады.

— Бұған дейін дәл осындай сипатта әрекет ететін нысандар тобын кездестірген емеспіз, — деді зерттеу жетекшісі, Алабама университетінің ғалымы Мұстафа Мухибулла.

Ғалымдар әзірге анықталған нысандардың табиғатын нақтылай алған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін NASA қараңғы материя мен экзоғаламшарларды зерттейтін жаңа телескопты ұшыратыны туралы хабарлаған болатынбыз.