14:39, 20 Тамыз 2025 | GMT +5
NASA Уранның 29-шы серігін тапқанын хабарлады
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) ғалымдары «Джеймс Уэбб» телескопының көмегімен Уранның жаңа – 29-шы серігі S/2025 U1-ді ашты, деп жазды AZƏRTAC.
AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ақпарат NASA-ның ресми сайтында жарияланған.
— Бұл — кішкентай ғана серік, бірақ маңызды жаңалық. Тіпті NASA-ның ғарыштық аппараты «Вояджер-2» осыдан 40 жыл бұрынғы ұшуы кезінде оны байқай алмады, — делінген хабарламада.
Анықталғандай, серік жақын инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін камерамен түсірілген, әрқайсысы 40 минуттық ұзақ экспозициямен жасалған он сурет сериясынан табылған. Оның диаметрі небәрі 10 км шамасында, бұл оны Уран орбитасындағы ең кіші серік етеді.
— Ол Уранның орталығынан шамамен 56 мың км (35 мың миль) қашықтықта орналасқан, планетаның экваториалдық жазықтығы бойымен, Офелия мен Бьянка серіктерінің орбиталарының арасында айналып жүр. Оның орбитасы дерлік шеңбер пішінді және қазіргі орналасуына жақын жерде қалыптасқан деп болжанып отыр, — деді Күн жүйесін зерттеу ғылыми бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, SwRI институтының маманы Марьяма Эль Мутамид.
Бұған дейін хабарланағндай, NASA қызметкерлерінің саны 20%-ға қысқарады.