NASA Венераны зерттейтін техникаға ЖИ енгізгісі келеді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) жасанды интеллект технологиясын Венера ғаламшарын зерттеу үшін жіберілетін техникаға енгізгісі келеді. Бұл туралы NASA басшысы Джаред Айзекман мәлімдеді, деп жазды БЕЛТА.

NASA Венераны зерттеуге жіберілетін техникаға ЖИ енгізгісі келеді
Фото: NASA

— Ғарыш саласында не істегіміз келетіні туралы айтатын болсақ, біз роботтық миссияларға көбірек автономия енгізгіміз келеді. Біз қазір Венера ғаламшарына миссиямен жұмыс істеп жатырмыз, оған кейбір жасанды интеллект мүмкіндіктері енгізілуі мүмкін, — деді ол Джон Кеннеди атындағы Ғарыш орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

АҚШ 2030-2031 жылдары Венераны зерттеуге екі миссия жіберуді жоспарлап отыр. DAVINCI деп аталатын миссия оның қалай қалыптасқанын және өзгергенін түсіну үшін Венера атмосферасының құрамын зерттейді. VERITAS деп аталатын екінші миссияның мақсаты — Венера ғаламшарының бетін картаға түсіру және бұл планетаның жерден өзгеше түрде дамуының себептерін анықтау.

Айта кетейік, Құс жолының қақ ортасынан белгісіз ғаламшар табылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум