Нашаны «теміреткіні емдеу» үшін қолданған ауылдық тұрғынға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысына қарасты Ақтоғай аудандық соты ауылдық тұрғынға 0,86 грамм нашаны сақтағаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Есірткілік зат азаматтан оны ұстау кезінде алынды.
Сот отырысында ауылдық азамат жасаған құқық бұзушылығын толық мойындады. Ол есірткіні теміреткіден емделу үшін қолданғанын түсіндірді.
Есірткіні сату мақсатынсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік орнатылды. Сот азаматты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіндегі 320 баптың 1 бөлімімен қарастырылған құқық бұзушылықта айыпты деп таныды.
Сот қаулысы заңдық күшіне енді.