Насрулла «Хезболлах» көшбасшысы лауазымын сақтап қалды

ДАМАСК. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - Кеше «Хезболлах» ливандық қозғалысының бас хатшысы лауазымына ұйымның бас конференциясының қорытындысы бойынша қабылданған коммюникеде Шейх Хасан Насрулланың қайта сайланғаны мәлім болды,

Насрулла «Хезболлах» көшбасшысы лауазымын сақтап қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Хезболлах» бас конференциясы бірнеше айға созылды.

Конференцияда «Хезболлах» ұйымының жаңа саяси тұғырнамасы қабылданды. Оның мазмұнын қозғалыс көшбасшысы таяу күндерге жоспарланған баспасөз мәслихатында жариялайтын болады.