Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Нәтижелілік принципі орындалмаған республикалық бюджет қаражатының жалпы сомасы 378,5 млрд. теңгені құрады - Қ.Жаңбыршин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нәтижелілік принципі орындалмаған республикалық бюджет қаражатының жалпы сомасы 378,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлім етті.

Нәтижелілік принципі орындалмаған республикалық бюджет қаражатының жалпы сомасы 378,5 млрд. теңгені құрады - Қ.Жаңбыршин

2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне қорытынды болып табылатын Есеп комитетінің есебін ұсынған ол: «Біздің бағалауымызша, жалпы айтқанда Үкімет республикалық бюджет түсімдерінің нақтыланған параметрлерін, сондай-ақ шығыстар бойынша алған міндеттемелерін орындады. Сонымен қатар Есеп комитеті бірқатар жүйелі бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді анықтады. Республикалық бюджет екі мәрте нақтыланып, бюджет параметрлері 24 рет түзетілді. Біздің пікірімізше, бұл республикалық бюджеттің қалыптастырылуы мен атқарылуы кезінде жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге кері әсер етті», - деді ол.

Комитет басшысының айтуынша, игерілмеу, пайдаланылмау және ақталмау деген терминдер әлі күнге дейін заңнамалық деңгейде айқындалмаған. Алайда, олар бюджет кодексінде пайдалануда. Осыған байланысты Есеп комитеті 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын бағалауды бюджет жүйесі нәтижелігінің принциптерін сақталуына жүргізген.

«Үкіметтің есебіне сай игерілмеген қаражат сомасы 18,6 млрд. теңгені құрады. Үкіметтің 7,8 млрд. теңге мөлшерінде бөлінбеген резерві қалды. Есеп комитетінің бағалауынша, нәтижелілік принципі орындалмаған республикалық бюджет қаражатының жалпы сомасы 378,5 млрд. теңгені құрады»,- деді ол.