НАТО Бас хатшысы Альянс мүшелерін қорғаныс шығыстарын ақылға салып қысқартуға шақырды
қаржыландыруды төмендетудің бүкіл Блоктың қауіпсіздігіне қатер төндіруі ықтимал екенін мәлім етті.
А.Ф.Расмуссен атап көрсеткендей, тек қана соңғы екі жылда Еуропа елдерінің қорғаныс шығыстары 45 миллиард долларға қысқарған, бұл Германияның жылдық қорғаныс бюджетіне барабар. «Егер осыдан 10 жыл бұрын НАТО аясындағы АҚШ-тың қорғаныс шығысының үлесі 50 пайыздың шамасында болса, бүгінде бұл көрсеткіш 75 пайызға жақындап келеді және бұл көрсеткіш өсе бермек»,- деді Альянс Бас хатшысы.
А.Ф.Расмуссеннің пікірінше, егер еуропалық елдер бұл проблеманы шешпесе, Еуропа елдерінің арасы ажырап, олар әлсірей бермек, сондай-ақ кәрі құрлық пен АҚШ-тың арасы алыстай түспек. «Үкіметтер шығыстарды ақылға салып қысқартулары керек, себебі қаржыландыруды азайту біздің демократиялық қоғамымыз бен гүлденген экономикамыз арқа сүйеп отырған қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін», дейді Альянс Бас хатшысы.