НАТО Бас хатшысы Кабулдегі лаңкестікті айыптады
БРЮССЕЛЬ. Желтоқсанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен сейсенбі күні Кабулде жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.
«Бұл лаңкестік әрекет, содырлардың кінәсіз ауғандықтардың өмірін тіптен бағаламайтынын тағы да көрсетіп отыр»,- делінген Альянс бас хатшысының мәлімдемесінде.
Құжатта сондай-ақ, қауіпсіз болашақ орнатуға талпынып отырған ауған халқын тоқтатуға талпынған содырлардың ештеңеден тайынбай отырғаны атап көрсетілген. «НАТО лаңкестікпен күресте ауған халқына көмек көрсете бермек», - деп түйіндеді Андерс Фог Расмуссен өз мәлімдемесін.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттары бойынша, жанкешті-лаңкес мина қойылған автокөлікті шетелдіктер жиі аялдайтын Уәзір Акбар Хан ауданында орналасқан Heetal Hotel қонақүйінің алдында жарған. Оқиға салдарынан бес бейбіт тұрын опат болып, 30-дан астам адам жараланған.