НАТО Ливиядағы әскери операцияны басқаруға алды
БРЮССЕЛЬ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов / - Бүгін Гринвич уақыты бойынша таңғы сағат 6.00-де НАТО Ливиядағы батыс одағының әскери операциясын басқаруға алды.
Бұл туралы Солтүстікатлантикалық блоктың баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.
«Альянс «Біріккен қорғаушы» операциясы аясындағы міндеттерді орындауға қажетті құралдардың барлығына ие, қару-жарақ жеткізуге тыйым салуды қамтамасыз ете алады, ұшуға болмайтын аймақ пен азаматтарды және азаматтық орталықтарды қорғай алады», - делінген НАТО баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар хабарламада НАТО БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1973-ші қарарына сәйкес іс-қимыл жасап отырғандығы аталып өтілген.