НАТО Оңтүстік Осетиядағы сайлауды мойындамайды

ЮССЕЛЬ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО 13 қараша күні Оңтүстік Осетияда болып өткен президент сайлауын мойындамайды. Мұндай мәлімдемені солтүстікатлантикалық альянстың Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен жасады,
None
None

деп хабарлайды блоктың баспасөз қызметі.

«Мұндай сайлау өткізу Грузияның бейбітшіл және ұзақмерзімді жағдайын реттеуге мүмкіндік туғызбайды. Альянс Грузияның халықаралық танылған шекарасы аумағындағы егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық қолдайтынын тағы да мәлімдейді», - деп атап өтті А. Расмуссен өзінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, НАТО Оңтүстік Осетияны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаудан бас тартып, оны Грузияның бөлігі деп есептейді.

Оңтүстік Осетиядағы сайлау 13 қарашада өтті, алайда алғашқы айналымда ешбір үміткер жеңіске жету үшін қажетті дауыс санын ала алмады. Соңғы мәліметтер бойынша, бұрынғы білім министрі Алла Джиоева 25% дауыспен сәл алда келеді. Одан кейін елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Анатолий Бибилов. Президенттік қызмет орнына барлығы 11 үміткер дауысқа түсті. Екінші айналым барысында көпшілік дауысқа ие болған үміткер жеңіске жетпек.

Соңғы жаңалықтар