Наурыз айында экономиканы несиелендіру көлемі өсті - Ұлттық банк

Оның сөзіне қарағанда, банктердің несиелендіру көлемі жыл басынан бері 0,9 пайызға өскен. Наурыз айында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 5553,9 миллиард теңге көлемінде болған. Жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 2112,0 миллиард теңгені құраған. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 0,2 пайызға артық. Алайда 2010 жылғы желтоқсандағы 27,9 пайыз көрсеткіштен 27,6 пайызға дейін төмендеп отыр.
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу наурызда 1285,3 млрд. теңгеге дейін 3,3 пайызға төмендеді, бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 16,8 пайызын құрайды. Салалар бойынша бөлсек банктердің экономикаға кредиттері бойынша неғұрлым айтарлықтай сома сауда (жалпы көлемдегі үлесі 21,3 пайыз), құрылыс (19,4 пайыз), өнеркәсіп (9,9 пайыз) және ауыл шаруашылығы (3,4 пайыз) сияқты салаларға тиесілі. Наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 12,2 пайыз (2010 жылғы желтоқсанда 12,9 пайыз), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 20,9 пайызды (20,3 пайыз) құрады»,-деді Г.Марченко.