Наурыз ? бірлік мейрамы, оның мәні ? көктемнің келуінде ? Алматы әкімі

АЛМАТЫ. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ – Ғасырлар бойы Наурыз біздер үшін маңызы айрықша және асыға күтетін оқиға болып келеді.

Наурыз ? бірлік мейрамы, оның мәні ? көктемнің келуінде ? Алматы әкімі
Наурыз ? түлеу, көктемнің салтанат құруы, молшылық, достық, жаңа жылдың басталу мейрамы. Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарды құттықтауды осындай сөздерден бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Наурыз ешқандай саясатқа да және идеологияға да негізделмеген. Наурыз ? бірлік мейрамы, оның мәні ? көктемнің келуінде», ? деді Алматы әкімі. Қала басшысы сөзінің соңында жұртшылықты жалпыхалықтық Наурыз мейрамымен құттықтады және олардың отбасыларына береке, жұмыстарына сәттілік тіледі. «Наурыз сіздерге бейбітшілік пен ынтымақтық, ізгілік пен көңіл қуанышын, әрбір шаңыраққа ырыс пен береке әкелсін», ? деді ол еліміздегі аса ірі қаланың тұрғындары мен қонақтарына.