Наурыз мейрамын мекеме-ұйымдар да кеңінен атап өтуде - БҚО
ОРАЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Наурыз мейрамын мекеме-ұйымдар да кеңінен атап өтуде.
Облыстық қазынашылық департаментінің бөлім бастығы Фарида Арыстаналиеваның хабарлағанындай, аталмыш мекеме қызметкерлері Наурызды ұжым болып тойлады. Мерекелік шарада департамент қызметкерлері қазақ мақал-мәтелдерін айтудан, ұлттық салт-дәстүрлерді білуден сынға түсті. Сондай-ақ арқан тарту, гір тасын көтеру күштілерді айқындаса, басқалары білім-біліктерін көрсетті.
Наурыз мейрамы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістерінің концертіне ұласты.
Осындай мереке көптеген еңбек ұжымдарында, оқу орындарында ұйымдастырылуда.