Наурыз мейрамында Новоямышево ауылында жаңа балабақша ашылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Наурыз мейрамында Павлодар облысына қарасты Новоямышево ауылындағы сәбилер жаңа балабақшаны сыйлыққа алды.

Наурыз мейрамында Новоямышево ауылында жаңа балабақша ашылды - Павлодар облысы

Балалар мекемесінің үш тобында 60 ұл бала мен қыз бала қазақ және орыс тілдерінде тәрбие алатын болады.

«Сабақтар өткізу және демалу үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған - көптеген ойыншықтары бар үш кең ойын бөлмесі, ән-күй аспаптары, жайлы жатын бөлмелері пен қазіргі заман талабына сай тамақтанатын орны бар, - деп атап өтті балабақша меңгерушісі Бекетай Нұрғалиева. -Баласының балабақшада болу құны ата-аналар үшін бес мың теңгені құрайды».

Балалар бақшасын жабдықтауға 24 млн. теңге жұмсалды, мұнда 26 ауылдық жұмыспен қамтамасыз етілді.