Наурыз мейрамында республикамыздың кей жерлерінде қарлы жаңбыр жауып, боран соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 19-23 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Батыс Сібірдің үстінде тұрған, кеңінен жайылған циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа райына әсер етуін жалғастыруда. Сондықтан алдағы демалыс және мереке күндері республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашан, қарлы жаңбыр жауады. Желдің күшеюі 15-25 м/с жетеді, тұман мен көктайғақ, солтүстік облыстарда боран күтіледі. Температура климаттық нормадан 2-5º, оңтүстік және шығыста 5-13º жоғары болуы сақталады», - деп жазылған хабаарламада.

Соңғы жаңалықтар