Наурыз шын мәнінде халықтық мерекеге айналды - Алматы облысының әкімі А.Мұсаханов

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғындары бүгін ежелгі жарқын мереке, көктемгі күн мен түннің теңелген күні - Наурыз мейрамын мерекелей бастады.
None
None

Бұл мейрам Қазақстан халқының бірлігі мен үйлесімінің, оның бақыты мен игілігінің өзіндік символына айналды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған дәйекті саясаттың арқасында адамдар Наурызды тыныштық пен өзара түсінушілік жағдайында көтеріңкі көңілмен қарсы алды.

Талдықорғанда негізгі мерекелік шаралар қаланың орталық бөлігінде өрістеді, мұның алдында «Бұлақ көрсең көзін аш» деген игілікті дәстүр бастау алды. Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов, оның орынбасарлары, ақсақалдар және Жетісудің құрметті азаматтары қала шетіндегі бұлақтың айналасын тазартты.

Бұдан кейін облыс әкімі Талдықорғанның орталық көшесіндегі халық серуеніне қатысты. Онда қала қонақтары мен тұрғындарына ауқымды мерекелік шара ұсынылды.. олардың арасында ұлттық ойындар, әртүрлі конкурстар, спорт жарыстары, викториналар, эстафеталар және, әрине, Наурыз мейрамына арналған әндер мен билерден музыкалық шашу шашылды.

«Наурыз шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналып, ізгілік мен бейбітшілік нұрын шашты, - деді жетісулықтар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Аңсар Мұсаханов. - Ежелгі ғасырлардан бері көктемгі күн мен түннің теңесуі табиғаттың оянуының символы, рухани тазалық пен қайырымдылық бесігі болып келеді, бірлік пен еңбек - басты қайнар көздер. Ол адамның табиғатпен біте қайнасқанын және оны аялау қажеттігін ұқтырады. Сонымен бірге әрқашан да кешірімшіл болып, бір-бірімізге ізгі тілектерімізді арнауға тиіспіз.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл тамаша мереке бізге ғасырлар төрінен Тәуелсіздігімізбен бірге оралды. Біздің ата-бабаларымыз Наурыз мейрамы адамдардың жақсылыққа ұмтылысын оятады деп санаған. Бүгінде Наурыз мейрамының бірлік пен дамуды және Қазақстанның гүлденуін сақтауда зор маңызы бар».

«Тәуелсіздіәк жылдарында қайта түлеген Ұлыстың ұлы күні ұлттық дәстүрлеріміз бен салттарымызды жаңартты, мәдени құндылықтарды сақтай отырып, біз әлемдік қоғамға ашық бола бастадық. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана саясаты арқасында біз әлеуеті зор, берік, біртұтас мемлекетке айналдық. Бұл орайда өздерінің білімі мен тәжірибесін аямай, қолдан келетін еңбегімен ел дамуына үлес қосып отырған Алматы облысы тұрғындарының да сіңірген еңбегі үлкен», - деп атап өтті әкім.

Талдықорған алаңында ақшаңқан киіз үйлер тігілді. Әр үйде берекелі дастарқан жайылып, қала тұрғындары наурыз-көжеден дәм татты.

Наурыз мерекесін Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы да Талдықорғанда бір кісінің баласындай тату-тәтті қарсы алды. Талдықорғанның барлық этномәдени бірлестіктері Жетісу жерінде бір шаңырақ астында бақуатты өмір сүріп жатқан көпұлтты халықтың шағын қалашығын орнатты.

Мерекелік шаралар Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының әртістері мен жергілікті көркемөнерпаздар қойған театрландырылған қойылыммен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар