12:58, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Наурыздың 8-і күні Қарағанды облысында 64 нәресте дүниеге келді
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында наурыздың 8-інде 64 нәресте: 35 ұл бала мен 29 қыз бала дүниеге келді.
ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы облыс әкімдігінен хабарлады. Ең көп нәресте облыс орталығында дүниеге келді. Қарағандыда 27 нәресте туылып отыр, оның ішінде бір егіз бар, екеуі де ұл бала. Наурыздың 8-інде ана атанған әйелдердің барлығы облыс әкімінің атынан құттықтау алды. Оларға 25 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтары табыс етілді.