Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Найзағай, бұршақ: синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 31 тамыз - 2 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Найзағай, бұршақ: синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасы одан әрі төмендейді. Әсіресе, ауа температурасының төмендегені республиканың солтүстігінде байқалады. Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Сонымен қатар ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.