Найзағай ойнап, күн суытады: Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
None
None

6 мамыр түнде Қарағанды облысының кей жерінде 1-6 градусқа дейін күн суытады.

5 мамыр күндіз Атырау облысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады. Атырау қаласында 5 мамыр күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында 5 мамыр түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оралда 5 мамырда оңтүстік-шығыс желі есіп, екпіні 18 м/с болуы ықтимал.

Ескертудің ықтималдығы 75-95 %.


Соңғы жаңалықтар