Найзағай соққан жолаушылар ұшағы Нью-Йоркке шұғыл қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «American Airlines» авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы найзағай соғып, Нью-Йоркке шұғыл қонуына тура келді. Бұл туралы АҚШ Федералдық авиациялық басқармасының ресми өкілдері мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

БАҚ деректеріне сүйенсек, ұшақ бортында 55 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған «Embraer 170» әуе кемесі Солтүстік Каролинадан Нью-Йоркке бет алған. Бастапқыда ұшақ Ла-Гуардиа әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда, оқиға салдарынан ол Джон Кеннеди атындағы әуе айлағына қонуға мәжбүр болды. Екі әуежай арасындағы қашықтық 13 шақырымдай.

Алдын ала деректер бойынша, қонған кезде ешкім зардап шеккен жоқ. Найзағай соққан кезде де ешкім жарақат алмады. Жолаушылардың бірі журналистерге найзағай соққан кезде салондағы адамдар жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естігендерін айтты. Тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар