Назарбаев орталығында «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» атты көрме ашылды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Назарбаев орталығында «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің 26 иегері кітапхана мен мұражай қызметкерлері дайындаған «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» атты көрмемен танысты.
None
None
«Әрине, экономикамыз, еліміздің саясаты дүние жүзіне танылу жағынан көңіл көншітсе де, мемлекеттік тілдің мәртебесінің әлі де өз тұғырына қонбай жатқаны жалпы елді алаңдатады. Дегенмен бүгінгі ашылып отырған көрмеден қазақ тілінің дамуына қаншалықты жұмыстар атқарылғанын көруге болады. Мұнда қойылған әдістемелік құралдардан мемлекеттік тілдің теориялық та, әдістемелік те негіздері қаланғанын көріп отырмыз», - деп атап өтті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ. Оның айтуынша, Елбасы Н. Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауларында мемлекеттік тілдің мәселесіне маңыз беріп келе жатыр. Дегенмен, қазақ тілі тұғырға қону үшін әрбір қазақ баласы тынбай еңбек етуі керек. Айта кетейік, аталған көрме ертең, яғни 7 қарашада еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ тілінің дамуына елеулі үлес қосып, еңбек етіп жүрген жандарға «Тіл жанашыры» құрмет белгісін беру салтанаты аясында өткізіліп отыр.
Соңғы жаңалықтар