20:24, 05 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Назарбаев пен Мирзиеев өңірлік қауіпсіздікті нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының сайланған президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиеевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында табыс пен мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттары жөніндегі екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Елдер көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.