Назарбаев пен Путин ЕАЭО мен ҰҚШҰ саммиттерінің қорытындысын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Ресей Президенті Владимир Путинмен сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің сайты хабарлайды.

Назарбаев пен Путин ЕАЭО мен ҰҚШҰ саммиттерінің қорытындысын талқылады

«Астанада өтетін Сирия мәселесі бойынша келіссөздерді өткізудің жоспары, сондай-ақ Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиттерінің қорытындылары талқыланды», - деп жазылған хабарламада.