Назарбаев Университетінде «Ашық есік күні» өтіп жатыр

ТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Назарбаев Университетінде «Ашық есік күні» өтіп жатыр, деп хабарлады аталмыш жоғары оқу орнының Коммуникациялар және маркетинг департаментінен.
None
None

Барлық келушілерге университет басшылығымен жүздесіп, факультеттер таныстырылымын көріп, ұнаған мамандықты таңдап, университетке түсу және студенттік өмірі туралы толығырақ біліп, студенттермен сөйлесуге мүмкіндік беріледі.

Іс-шара ашылуы рәсімінде университет президенті Шигео Катсу мен провост Энн Лонсдейл сөз сөйледі. Түсу жөнінде таныстырылымдарды Қабылдау департаменті мен Center for preparatory studies (Foundation бағдарламасы) ұсынады. Сонымен қоса факультеттер: Инженерия мектебі, Ғылымдар мен технологиялар мектебі, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің танстырылымдары өтіп жатыр. Студенттік істер департаментінің қызметкерлері мен студенттер кампус бойынша экскурсиялар жүргізеді. Бас ғимараттың атриумында түрлі бейне-материалдар көрсетілуде, оның ішінде - университет студенттері түсірген бейнеклип те бар.

Бір аптадан кейін осындай «Ашық есік күні» Алматыда өткізіледі. Назарбаев Университеті қазіргі уақытта 2012-2013 оқу жылына талапкерлер тіркеуін жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар