Назарбаев Университетінде Job/internship fair & Networking бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Назарбаев Университеті және Халықаралық бағдарламалар орталығы түлектер мен студенттерге арналған Job/internship fair & Networking бос жұмыс орнының жәрмеңкесін өткізді.
None
None

Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ хабарлайды.

15-наурыз күні «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті.

Аталмыш іс-шараға университеттің техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқитын 500-ден астам соңғы курс студенттері, сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясының 600-жен астам түлектері қатысты. Іс-шараның ресми ашылу салтанаты «Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті Шигео Катсудың алғысөзімен басталды. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер компанияның қызметі жайлы тұсаукесер жасап, кәсіби машықты дамыту треннингтерін өткізді, жұмыс іздеушілермен сұхбаттар және тестілеу жүргізді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Асқар Мусинов тұсаукесер өткізсе, панельді сессиялар (Networking) барысында қатысушылар әр жылдардағы «Болашақ» бағдарламасының танымал түлектерімен бейресми кездесу әрі тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Олардың арасында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев та бар.

Айта кетейік, Job/internship fair & Networking бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 90-нан астам қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараның енді жыл сайын өткізіліп тұратынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар