Назарбаев университетінде мектеп мұғалімдеріне сертификат берілді

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Назарбаев университетінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдеріне арналған Біліктілікті арттыру бағдарламасының түлектеріне сертификат беру рәсімі өтеді.
None
None

Бұл бағдарлама бойынша 10 айлық күндізгі курстарда Қазақстанның 12 аймағынан келген 100 мектеп мұғалімі білім алды.
Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаментінің хабарлауынша, біліктілікті арттырудың 10 айлық курсының бағдарламасы аталмыш ЖОО-ның Білім беру саясаты орталығының негізінде ұйымдастырылды. Оқулық жобасы Лондонның университеттік колледжінің қатысуымен ұйымдастырылды, курс нұсқаушылары ретінде Ұлыбританияның, АҚШ-тың және тағы басқа елдердің үздік шетелдік мамандары болды. Оқу барысында курсанттарға   ағылшын тілін жетілдіру, озық педагогикалық теорияны және жаңа практикалық әдістемелер мен технологияларды игеру мүмкіндіктері берілді. Ғылыми жұмыстар көбінесе түлектердің жеке ғылыми зерттеулеріне негізделген.
Сертификаттарды Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу және Назарбаев Зияткерлік мектептері Басқармасының төрайымы Күләш Шәмшідинова тапсырады.

Соңғы жаңалықтар