12:43, 27 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады
Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокстан әйелдер арасында 51 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз непалдық Таманг Сусманы айқын басымдықпен жеңіп (5:0), келесі айналымға шықты. Назымның келесі қарсыласы – Йесуген Оюнцетцег (Моңғолия).
Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.