Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында Назым Қызайбай ширек финалда қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты. 

Владислав Семенов/ҰОК
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

50 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз ширек финалда Колумбия боксшысы Каролайн Барбозамен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Назым Қызайбай айқын басымдылықпен жеңіске жетті. 

Владислав Семенов/ҰОК
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырса, екінші айқасында бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын. 

Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.

 

Соңғы жаңалықтар