Негізгі капиталға 36895 млн. теңге көлемінде инвестиция бағытталған

АҚТАУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2009 жылдың қаңтар-ақпанында негізгі капиталға 36895 млн. теңге көлемінде инвестиция бағытталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 37,6 пайызға артық,

Негізгі капиталға 36895 млн. теңге көлемінде инвестиция бағытталған
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Негізгі капиталға инвестиция құрылымында құрылыс және ғимараттар мен ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар басым түседі ? ол 33,2 пайызды құрады, машиналар мен жабдықтар сатып алу ? 30,3 пайызды, басқа күрделі жұмыстар мен шығындар инвестицияның жалпы көлемінің ? 36,5 пайызын құрады,оның ішінде геологиялық барлауға 21,5 пайызы жұмсалды.Кен өндіру өнеркәсібінің объектілеріне бағытталған инвестиция жалпы көлемінің 54,5 пайызын құрады. Ал жылжымайтын мүлікпен операцияға -35,1, көлік және байланысқа - 5,7, құрылысқа ? 0,4, өңдеу өнеркәсібіне ? 0,6 пайызы жұмсалды. Инвестицияны қаржыландырудың басты көзі шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары болып табылады, ол жалпы көлемінің 66,9 пайызы. Шетел инвестициясы ? 30, қарыздық қаражаттар ? 2,9 пайыз болды. Жеке меншік шаруашылық субъектілері инвестицияның жалпы көлемінің 55,4 пайызға жуығын игерді. Қызметін Маңғыстау облысының аумағында жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің үлесі 44,4 пайыз, мемлекеттік сектордың үлес салмағы 0,2 пайыз болды.