Неліктен қан қысымын өлшеу маңызды

АСТАНА. KAZINFORM — Артериялық қан қысымы — бұл қанның тамыр қабырғаларына түсіретін күші, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

давление, медицина
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Мамамдардың айтуынша, жоғары қан қысымы (гипертония) инсульт немесе жүрек аурулары сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін, бірақ көбіне ешқандай белгісіз өтеді. Оны анықтаудың жалғыз жолы — тұрақты түрде өлшеу. 

— Төмен қан қысымы (гипотония) бас айналу, әлсіздік немесе талып қалу сияқты белгілермен көрінуі мүмкін. Қалыпты көрсеткіштер: шамамен 120/80 мм сын.бағ. — оңтайлы 130/85 мм сын.бағ. дейін — көптеген ересек үшін қалыпты шек 140/90 мм сын.бағ. жоғары — жоғары қан қысымы, — делінген хабарламада.

Қан қысымын дәріханаларда, емханаларда, үйде тонометр арқылы тексеруге болады. Оны тұрақты бақылау аурулардың алдын алып, асқынуларды ерте анықтауға көмектеседі.

Бұдан бұрын артериялық гипертензия шамамен әрбір оныншы жүкті әйелде кездесетіні айтылды. Салдарынан түсік тастау, асқыну және өлім қаупі жоғары болады.