Неміс физигі футболдан болашақ әлем чемпионын есептеп шығарды

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Дортмунд университетінің физика ғылымының профессоры формула жасап, соның көмегімен 2010 жылғы ОАР-да өтетін футболдан әлем чемпионын есептеп шығарды. Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, ғалым Метин Толанның есептеуінше, құрлығымыз біріншілігінде Германия құрамасы жеңіске жетеді.

Неміс физигі футболдан болашақ әлем чемпионын есептеп шығарды

Формула негізіне неміс ұлттық командасының мұнан бұрынғы әлем чемпионаттарындағы нәтижелері алынған. Осылайша, физик-ғалым неміс құрамасының әлем біріншіліктерінде көрсеткен орташа нәтижесі - үшінші мен төртінші (3,7) орындардың орта шені екенін есептеп шығарды. Оның үстіне Германия үш Әлем чемпионатын (ӘЧ) - 1954, 1974 және 1990 жылдары жеңіп алды. Сөйтіп, немістер әрбір төрт-бес біріншілікті араға салып, чемпион болып отырған.

«Соңғы рет Германия Әлем кубогын 1990 жылы жеңіп алды, демек алдағы ОАР-дағы Әлем чемпионаты содан бергі бесінші біріншілік, ал бұл биылғы жылы бізді жеңу мүмкін емес деген сөз. Қазірден-ақ шампан шарабыңызды салқындата беруіңізге болады», - деп мәлімдеді неміс физигі.