Неміс футбол құрамасының қақпашысы пойыз астына түсіп қаза тапты

АСТАНА.  Қарашаның  11-і.  ҚазАқпарат - Германияның футбол   құрамасының  және  «Ганновер 96»  клубының   голкипері  Роберт Энке  пойыздың астына  түсіп, қаза тапты. 

Неміс    футбол құрамасының  қақпашысы  пойыз  астына  түсіп   қаза  тапты

Полицейлер, спортшының  өзін  өлімге  қиғанына  күмән келтірмей  отыр.

32 жастағы Энке  Ганновердің  солтүстік-батысындағы теміржол   тармағында  ауыр   жарақат  алды.   Ол   Нордайхтан   Ганноверге   бара жатқан    пойыздың астына түсіп,   оқиға болған    жерде көз жұмды,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  ВВС  телекомпаниясына сілтеме  жасап.

«Роберт  Энкенің    қазасы туралы    хабар  неміс  құрамасы  үшін   естен тандырарлық   жаңалық  болды»,  делінген    Германияның Футбол одағының  (DFB) ресми    мәлімдемесінде.

Энке  Германия  құрамасының  құрамында   алаңға сегіз рет   шықты,  ол  сондай-ақ  2004 жылы   неміс  Бундеслигасына  «Ганновердің»  құрамына   оралғанша, «Карл Цейсс Йена», «Боруссия», «Бенфика», «Барселона», «Фенербахче»  және  «Тенерифе» командалары  үшін ойнады.

Энке  халықаралық   деңгейге алғаш рет 29 жасында шықты  және    2008 жылғы  Еуропа  чемпионаты  аяқталғаннан кейін  құрамадан кеткен  Йенс Леманның   орнына   келіп,    неміс құрамасының бірінші  қақпашысы    атанған  еді.