Неміс Футбол одағы мен Қазақстан Футбол федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Франкфурт қаласында Неміс Футбол одағы мен Қазақстан Футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, құжатты Неміс Футбол одағының Бас хатшысы Вольфганг Нирсбах пен Қазақсан Футбол федерациясының Бас хатшысы Саян Хамитжанов бекітті. «Қол қойылған құжат аясында бірінші кезекте Германияның футбол академиясының және жетекші футбол клубтарының базасында қазақстандық жаттықтырушылар корпусын даярлау және қайта даярлау көзделіп отыр. Бірлескен жобалардың ауқымды бөлігі резервтерді дайындау бағдарламасына арналған. Қазақстандағы футбол мектептерінің жас тәрбиеленушілері неміс жаттықтырушыларының жетекшілігімен германиялық құрдастарымен бірлескен матчтар және жаттығулар өткізу мүмкіндігіне ие болады», дейді ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжанов.

Соңғы жаңалықтар