20:20, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Неміс орнитологтары Қазақстанның құстарына қызығушылық танытуда
МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ – ҚазАқпарат www.giessener-allgemeine.de неміс жаңалықтар порталының материалын оқырмандар назарына ұсынады.

Өткен жұма күні Германияның Рабенау қаласында Табиғат қорғау одағы мүшелерінің 2009 жылғы алғашқы отырысы болып, оған барлық талап білдірушілер шақырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанның құстары туралы доктор Петер Мендестің баяндамасы болды. Доктор Мендес Қазақстандағы құстардың өсіп-өнуі туралы көкейкесті ақпараттарды тыңдаушылармен бөлісті.Келтірілген деректер бойынша, елде құстардың 480-нен астам ? шөл даладан биік тауларға дейінгі барлық табиғат өңірлерінде іс жүзінде тіршілік ететін түрлері бар. Республиканың кейбір облыстары ? құстардың нағыз жұмағына айналған: оларға ең алдымен далалардағы көлдер жатады. Қазақстан жыл құстарының екі маңызды жолының қиылысында: еуразиялық-африкалық және орталықазиялық-үнді ұшып-қону жолдарына орналасқан. Қазіргі уақытта осы облыстарда жалпы көлемі 3000 шаршы шақырымға жуық алаңдардың қайталанбас фаунасы мен флорасы мемлекеттің қорғауына алынған, олардың аумақтарында биологиялық ортаны сақтау үшін ЮНЕСКО қорығын ұйымдастыру жоспарланып отыр.