Немістер Ұлыбританияны экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етпекші

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - RWE және E.on және Siemens неміс концерндері Ұлыбритания жағалауларында бірнеше жел-парктерін салуға арналған тендерді жеңіп алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

RWE Innogy (RWE концернінің еншілес компаниясы) Солтүстік теңіздегі Доггербанк қайраңында қуаты 9 гигаваттық аса ірі жел-паркін салуға қатысады. RWE сонымен қатар, Бристоль шығанағындағы қуаты 1,5 гигаваттық ірі жел-паркі құрылысын салушы мердігерлерінің бірі болып табылады.

Жобаның жалпы құны - 110 миллиард еуроны, ал жел генераторларының жиынтық қуаты 32 гигаватты немесе Ұлыбританияда тұтынатын электр энергиясының жалпы мөлшерінің төрттен бірін құрайды.

Соңғы жаңалықтар