Непал гидтері альпинистерді уландырды деген күдікке ілінді
АСТАНА. KAZINFORM — Непал полициясы Эверестке шығумен байланысты сақтандырудың ықтимал алаяқтық схемасын тергеп жатыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Тергеу мәліметтері бойынша жергілікті гидтер сақтандыру компанияларынан үлкен сомадағы төлемдерді алу үшін төтенше жағдайларды қасақана жасаған болуы мүмкін.
Жыл сайын жүздеген адам әлемнің ең биік шыңына шығу үшін кезекке тұрады. Тек Непал жағынан шығуға рұқсаттың өзі 9 мың доллардан асады. Қосымша шығындарға құрал-жабдықтар, сапар, гидтердің қызметі және қажет болған жағдайда сырқаттанғанда немесе апат кезінде шұғыл эвакуацияға арналған сақтандыру кіреді.
Гидтер тауда оттегі жетіспеуінен туындайтын аурудың белгілерін асыра сілтеп көрсету арқылы клиенттерді қорқытуы мүмкін. БАҚ мәліметтері бойынша олардың кейбірі альпинистердің тағамына бикарбонатты әдейі қосып, жағдайын нашарлатуы ықтимал.
Бұл қымбат эвакуацияларды ұйымдастыруға, содан кейін сақтандыру төлемдерін рәсімдеуге мүмкіндік берді.
Бағалауға қарағанда, құйтырқы әрекетке барғандар 2022 жылдан бастап 20 миллион долларға дейін табыс тапты деген болжам бар. Билік 2018 жылдан бері болуы мүмкін ұқсас жағдайларды да тергеп жатыр.
Осыған дейін Непал билігі Эверестке шығуға лицензия беруді тоқтататыны туралы жазған едік.