Непалда конституция жобасын талқылау жиынында жанжал шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда конституция жобасын талқылауға арналған құрылтайда төбелес болды. Саясаткерлер орындықтарды сындырып, бір-бірлеріне микрофон лақтырғанымен қатар жиналыс төрағасын балағаттады, деп жазады ВВС.
None
None

Оппозиция елдің негізгі заңы қабылданғанша, оған өзгерістер енгізу қажет деген ұстанымда.

Сейсенбі күні белсенділер жалпыхалықтық ереуіл бастау үшін мектептер мен дүкендерді мәжбүрлі түрде жауып тастамақ болған.

Оқиға кезінде бірнеше адам қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар