Непалдағы Химлунг-Химал тауларындағы қар көшкі құрбандарының саны 15-ке жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Непалдағы Химлунг-Химал шыңының базалық лагерінде қар көшкіні болып, 15 адам қаза болды. Қазір құтқарушылар хабар-ошарсыз кеткен соңғы адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform Синьхуаға сілтеме жасап.
Бұған дейін құтқарушылар тағы сегіз адамның денесін тапқан. Бұл туралы жергілікті билік өкілі хабарлады.
Қар көшкінінен қаза болған сегіз адамның екеуінің сүйегі тікұшақпен Чаме ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қалған алтауының сүйегі сол аудандағы Пху ауылына жөнелтілді.
Мананг округі әкімінің орынбасары Кришна Прасад Пауделдің айтуынша, апаттан хабар-ошарсыз кеткен 16 адамның 15-інің сүйегі бейсенбіге дейін табылған. Соңғы жоғалған адамның жеке заттары қолда болғанымен, өзі әлі іздестіріліп жатыр.
Жексенбі күні таңертең биіктігі 7126 метр Химлунг-Химал шыңының базалық лагерінде 16 адам болған. Екі экспедицияның тау гидтері мен аспаздары лагерьді әзірлеп, арқан бекітіп жатқанда, қар көшкіні жүрді.
К. П. Пауделдің айтуынша, хабар-ошарсыз кеткен соңғы адамды іздеу 2 қазанда қайта жалғасады.
Бұған дейін Гималайдағы лагерьді қар көшкіні басып, Непалдың 14 азаматы із-түзсіз кеткені хабарланған болатын.