09:34, 15 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Непалдағы наразылықтар кезінде мерт болғандар саны 72 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Непал үкіметі нарызылықтар кезінде 72 адам мерт болғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Арменпресс Nepal News-ке сілтеме жасап.

Арменпресс-тің хабарлауынша, бұл ақпаратты үкімет мүшесі Экнараян Арьял елдің жаңа премьерінің ұлықтау рәсімінде растаған.
Оның сөзінше, жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен 191 адам ел бойынша түрлі ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем алып жатыр.
Ол сонымен қатар адамдардың 8 қыркүйек күні болған наразылықтар кезінде және 9 қыркүйектегі өрт салдарынан құрбан болғанын атап өтті.
Осыған дейін Непалдағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 50-ден асқанын және Сушила Карки Непалдың алғашқы әйел премьер-министрі болғанын жаздық.