20:19, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Несие карталарды уақытша тоқтату алынып тасталды - «ТұранӘлемБанкі» АҚ
АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – «ТұранӘлемБанкі» АҚ бүгіннен, ақпанның 20-нан бастап несие карталарға салынған уақытша тоқтату алынып тасталды, деген ақпарат таратты. Несие карталарға уақытша тоқтату ақпанның 5-інде енгізілген болатын,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төлем карталарының бекітілген несиелік шектеуімен уақытша тоқтатылуы карталық жүйені жоспардағы техникалық қайта жасау ісімен байланысты болды. Аталған жұмыстың атқарылуы нәтижесінде, карта ұстаушыларға қызмет көрсету жылдамдығы арта түскен.Сонымен қатар, картаның қарыздық төлеміне (оның ішінде жалақы бойынша да) банк тарапынан ешқандай да шектеу қойылмаған және техникалық іркілістер байқалмаған. Несие картасының үлесі ТұранӘлемБанктің жалпы төлем картасы санының 20%-ын құрайды.ТұранӘлемБанкі тобы ? ТМД аумағындағы банктік жүйелердің ішіндегі көшбасшысы. «ТұранӘлемБанктің» шоғырландырылған активі 2008 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша 3 671 млрд. теңгені (30,6 млрд. АҚШ $), несие қоржыны 2 814 млрд. теңгені (23,5 млрд.$) құрады. Таза пайда 35,2 млрд, теңгені (293 млн.$) құрады.«ТұранӘлемБанкі» АҚ-ның әріптес-банктер торабы Ресейді, Украинаны, Беларусті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтыған. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Ұлыбританияда жұмыс жасайды.«Тұран!ӘлемБанкі» АҚ-ының Қазақстандағы филиалдық жүйесі жақсы дамыған (22 филиал және 279 бөлімше бар), сондай-ақ, кеңейтілген банкоматтар торабы (787) және терминалдары (160) бар. Бүгінде 1,3 млн жеке және 150 мың корпоративтік клиент ТӘБ қызметін пайдаланады.