Нетаньяху келесі аптада АҚШ-қа баруы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен әңгімелесу фактісін растады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келесі аптада АҚШ-қа баруы мүмкін.
Бұдан басқа, америкалық көшбасшы Нетаньяхумен әңгімелесу фактісін растады. Ықтимал сапар туралы егжей-тегжей мәлімет берілген жоқ.
Бұған дейін Биньямин Нетаньяху халықаралық қылмыстық сот ордеріне қарамастан Будапештке барғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Израиль Газадағы әскери операциясын кеңейтті.
Министрдің айтуынша, операцияның кеңеюі «аймақты лаңкестік инфрақұрылымдардан тазартуға және оларды жоюға» бағытталған және палестиналықтарды жаппай эвакуациялауды талап етеді.