Нетаньяху сейсенбі күні АҚШ-қа барып, Трамппен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 28 шілде, сейсенбі күні Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Анадолу.
Израиль премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесінде Нетаньяхудың дүйсенбі күні ресми сапармен Вашингтонға аттанатыны айтылған.
Сапар аясында ол республикашыл сенатор Линдси Грэмді жерлеу рәсіміне қатысып, кейін Ақ үйде Дональд Трамппен кездесу өткізеді.
Бұған дейін Израиль бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің командасы екі көшбасшының кездесуіне кедергі жасауға тырысқанын жазған еді.
Мұндай әрекеттердің мақсаты Нетаньяхудың Трампқа Иранға қатысты қатаң ұстаным ұстану жөнінде қысым көрсетуіне жол бермеу болғаны айтылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Си Цзиньпиннің АҚШ-қа қашан баратынын жаздық.