«Нева экспресінің» жолаушыларын құтқарған кейуанаға жаңа үй салып берді

АСТАНА.  Желтоқсанның   30-ы.  ҚазАқпарат - «РЖДСтрой» компаниясы    қарашаның  29-ында   апатқа  ұшыраған «Нева  экспресі»  пойызының  зардап шеккен    жолаушыларына  көмектескен    зейнеткер   Елена Голубеваға      бүгін, сәрсенбі күні жаңа  үйдің кілтін     табыс етеді,  
None
None

 деп хабарлайды «РИА  «Новости» агенттігі.    Инженерлік коммуникацияларға  қосылып,  газ  тартылған үйдің     жиһаздары  да,  ыдыс-аяқтары  да жаңа болады.  

 Үйінің  дәл жанында    «Нева  экспресі»  пойызы апатқа ұшыраған Тверь облысы  Бологое  ауданының тұрғыны 78  жастағы  Елена  Голубева    зардап шеккендерге    көмекке  ұмтылған  бірінші адам  болатын.  Кейуана  жаралыларды  үйіне  жайғастырып,  оларға    қолынан келгенше көмек  көрсеткен. 

 Ресей  темір  жолының  басшылығы  зейнеткерге  лайықты     сыйлық  жасау туралы шешім  қабылдап,   «РЖД» бастысы     Владимир  Акунин   теміржолда 40 жыл бойы еңбек  еткен   кейуананы   «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапаттады.   Қария  сондай-ақ,   зейнетқасына қоса, компаниядан өмір  бойына қосымша  жәрдемақы алатын   болды.

 Апат  кезінде  рельстен шығып  кеткен вагонның     жерге  қатты соғылғаны сонша,    зейнеткер  тұрған   үй  қатты  зардап шеккен.    РФ Премьер-министрі  Владимир  Путин Голубеваға    жаңа баспана беру  туралы     өкім  бергеннен  кейін,  «РЖД»   компаниясы   зейнеткер  қалаған  жерге    жаңа үй салып беру  туралы шешім қабылдады.   Және Елена  Михайловнаның  туыстары  тұратын   Лыкошино деревнясында бір  айға  жетер-жетпес уақыттың ішінде    жаңа үй  салынды.  Бүгін,  желтоқсанның  30-ы  күні жаңа  үйдің кілті      кейуанаға табыс етіледі.

 Мәскеу-Санкт-Петербор  бағытындағы   №166  «Нева  экспресі»    жүрдек пойызы   қарашаның 27-сі күні  кешке       Новгород  және  Тверь  облыстарының    шекарасында  апатқа ұшыраған болатын.  Құқық қорғау  органдарының  негізгі   долбары  бойынша,  апатқа лаңкестік әрекет себеп болған.  Оқиға салдарынан 26 адам     қаза тауып, 90-нан астам адам    зардап шеккен  еді.

Соңғы жаңалықтар