«Невада-Семей» қозғалысының 20 жылдығының құрметіне орай өткізілген турнирде Оңтүстік Қазақстан облысының командасы жеңіске жетті

АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында Алматыда мамырдың 15-і мен 17-сі аралығында Қазақстан волейболы ардагерлерінің сегіз командасы белгілі ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің жүлдесі үшін ІІІ турнирдегі біріншілікте сайысқа түсті.
None
None
Жарыс «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалысының 20 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тартысты өткен жарыста бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан келген «Ардагер» командасы жеңіп алды. Екінші орынды облыс әкімінің орынбасары Амандық Баталов басқарған Алматы облыстық спорт комитетінің командасы иеленді. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің спортшылары үшінші орынға шықты.
Соңғы жаңалықтар