«Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыстың «белсенділері жергілікті онкодиспансерде болды

Мекеме директоры Марат Сәндібаев ағымдағы жылы қарашада осында ядролық медицина орталығының ашылуы жоспарланғанын мәлім етті. «Орталықтағы жұмыс үшін мемлекет тарапынан жаңа қондырғылар сатып алынып, мамандар оқытылды», - деді диспансер директоры.
Семей қаласындағы аймақтық онкологиялық диспансер заманауи сәулелі аппараттармен жабдықталуға септескен МАГАТЭ-мен тығыз байланыста жұмыс жасауда. 2 жылдың ішінде МАГАТЭ және ҚР Атом энергиясы комитетімен бірлесіп 2 жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде Семей қаласындағы онкологиялық диспансерде ядролық медицина бөлімін ашу бар. Аталған орталық Семей қаласындағы онкологиялық диспансер жанындағы радиациялық онкологияның жоғары кәсіби мамандандырылған орталығының бөлігі болмақ, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.