New York Post өз аккаунтында Астанада McDonald's мейрамханасы ашылғаны туралы видео жариялады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - New York Post газетінің ресми Фейсбуктағы ресми парақшасында Астанадағы McDonald's мейрамханасының ашылуында болған адам кептелісі туралы видео жарияланды.

New York Post өз аккаунтында Астанада McDonald's мейрамханасы ашылғаны туралы видео жариялады

Бейнероликтен көшеге дейін шыққан ұзын-сонар кезекті көруге болады.

Роликті 40 мың адам көріп, 200 адам комментарий жазды. Шетелдік оқырмандар бұл жағдайға түрлі пікір білдіруде.

Айта кету керек, Астанада 8 наурызда McDonald's фастфуд желісі ашылды. Елорда әкімі мен БАҚ өкілдері кеше бірінші болып дәмханадан дәм татты.

«New York Post » - АҚШ-тың танымал газеті. Оның негізі 1801 жылы қаланған, тиражы (2011 ж) - 501 мың дана.